14.08.2022
  121


Автор: Темірхан Медетбек

Өзгерiс

Не боп кеттi азып-тозып өңiрiм.
Не боп кеттi бұрқап, түтеп өмiрiм.
Iше-iше қасiрет пен құсаны
Уға толы ыдыс болды көңiлiм!
Суық маған жылы отырған кездерiм.
Өзiме жат осы қазiр өз демiм.
Жинай-жинай кек, намыс пен ызаны,
оқ-дәрiге айналады ғой сөздерiм.





Пікір жазу