meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.08.2022
  126


Автор: Темірхан Медетбек

Аялдамадағы сауал

Бiр жас әйел –
тiлiп түсер санаңды –
айтып тұрды төтенше бiр хабарды:
– бiр мәшине жаңа ғана,
мүйiсте
қағып кеттi итi менен адамды.
Айналған ба –
есiркеу сөз ескi үнге.
Айналған ба –
есер жанға естiң де...
– Ит аман ба? – деп шу еттi топ кiсi
...Адам жайын сұраған жоқ ешкiм де.





Пікір жазу