ҚЫРАН ХИКМЕТІ
Шарпысып үкі, жердегі жыртқаш бөрімен,
Қолыма қондың алты қат аспан төрінен.
Бүркеулі – жанар, байлаулы – аяқ, мен саған,
Түрменің дойыр қожасындай көрінем.
Құтырып көкке, сағына самғап шықтың да,
Құлқының құрып, түстің бе, торға – тұтқынға?!
Ысқырып атқан киіктей барлап, талғамай,
Еркіндіктің қадірін енді ұқтың ба?..
Дүние – иен, қанаттыларға бәрі бар,
Аспанды аңсап, шерлендің бе екен, жануар?
Айлакерлігі адамнан асқан тағы бар,
Тағыдан бетер – адамнан азған тағылар.
Талбойыңнан тарыдай бір мін таппаймын,
Қылышың, шалғың қырындай майда тақтайдың.
Құдайың оңдап, қоя берсем қайтеді,
Әлдекімдерше жақсылығымды сатпаймын.
Шешіліп шыжым, сыпырылса, томаға,
Ұшқан ұяңа жете алар ма едің қонаға?..
Адалдық жағын өзімнен үйрен, тек қана,
Басыңды байлап «алдамшы» асқа жолама!..
1999 жыл