14.08.2022
178
ӨЛЕҢГЕ ӨЛШЕМ
Өлеңді қорламаймын өлерменше,
Ұстанар жолым осы өле-өлгенше.
Қолжаулық болмас еді-ау, көрінгенге,
Өзіне талап қойса, өлең менше!
Өлеңді жазбау керек пысықтарша,
Тыныш жұр, елдің тілін қышытқанша!
Кетеді сөзден сүйкім салдақыдай,
Дедектеп, біреу көзін қысып қалса…
Шырғаны, шындықты айтып, дәрменімше,
Жарылқайын, жасыған жан көрінсе,
Өлеңнің көзін шұқып, басын жарса,
Ататұғын киесі бар меніңше…
1978 жыл