14.08.2022
210
САҒАН САЛАУАТ
Күн көзіне еріген гүл секілді
Жұпарымен орадым жыр-жетімді.
Сұлу көркің əлемге көрсетілді,
Я, Расул, саған салауат.
Алау таңда есімді білмей жандым,
Сұр өмірді өзіңсіз сүрмей қалдым,
Соғысып қап, қайғыға гүлдей жандым,
Я, Расул, саған салауат.
Үмметім деп төгесің жасыңды кіл,
Сағыныштан бұл жасым жосылды бір.
Табаныңа қояйын басымды бір,
Я, Расул, саған салауат.