14.08.2022
  127


ДҰҒА

Бауыржан Қарағызұлы,
Астана қаласы.



Ең шебер, ең Дана, ең Көркем – бір Алла,
Ең сұлу Есімің естілсін дұғамда.
Ең соңғы пайғамбар – Мұхаммед таратқан
Ең тұнық ақиқат құлпырған Құранда.
Қайырмасы
Жаратып əдемі ғаламды,
Жаратқан əкемді, анамды.
Кешірші, кешірші, Уа, Алла...
Сөзімен адасқан адамды.
Бір Саған сыйынып көңілге гүл ектім,
Жаныма саулаған нұрыңды жыр еттім.
Саф Ислам – мерейім, пəк Иман – шаттығым,
Хақ Алла, қабыл ет тілегін жүректің.
Қайырмасы
Жаратып өмірді, өлімді,
Жаратқан жерімді, көгімді.
Рахымды əлемнің Иесі,
Ақылдан айырма елімді.
Бес күндік өмірім – бес уақыт намазым,
Үмітім – Жұмағың, Арманым – Назарың.
Қанағат, Шүкірлік, Сабырлық, Иман бер,
Таусылып дəм-тұзым, жеткенше ажалым.
Қайырмасы
Жаратып ғарышты, нұрыңды,
Жаратқан күнімді, түнімді.
Бір саған мақтауын арнаған
Жəннаттан нəсіп ет мүмінді





Пікір жазу