13.08.2022
  284


Автор: Амантай Бағыт

Жаңа жыл әні

Келіңдер ,достар, келіңдер,


Басталық бір ән көңілді


Жаңа жыл-жайсаңым келеді,


Шаттыққа бөлейтін Елімді.


 


             Қайырмасы:


             Кел, Жаңа жыл біз күткен,


            Арман асылы, үмітпен.


           Кел, Жаңа  жыл-жаңа күн,


          Тыныштық әлемге әкел сен.


 


Әніміз таралсын әлемге,


Татулық жайылсын бар Елге


Бақытты бар адам баласы,


Бөлесін өз жерін сан гүлге


 


          Қайырмасы.


 


Туған Ел, өсе бер, өркенде,


Жұлдыздар жайнасын көгіңде.


Жаңа жыл күніңде жайраңдап,


Кел, достар, әнің сал, би биле.


 


 


 


           Қайырмасы.





Пікір жазу