13.08.2022
  99


Автор: Олжас БЕКМҰРАТ

Жүрегімнің жазылмаған дастаны...

 


 


Махаббатым, 


сағындырып жүрсің ғой,


Қанша созсам қолым жетпес шыңсың ғой.


Күндіз-түні маза бермей жаныма,


Көз алдым да елес болып тұрсың ғой.


 


Сезім-дертім  


жүрегімді қинайды,


Махаббатым көкірегіме симайды...


Бұл өмірде сенен сұлу жоқ шығар,


Көңілім сені өзге жанға қимайды.


 


Махаббаттың


мөлдірейді аспаны,


Секілденіп жанарымның жастары...


Жас жанымда тулап жатыр толқын боп,


Жүрегімнің жазылмаған дастаны...





Пікір жазу