13.08.2022
  201


Автор: Олжас БЕКМҰРАТ

 АЛАШТЫҢ АРДАҚТЫСЫ

 


Мағжан Жұмабаевқа


 


Алаштың ардақтысы Мағжан ақын,


Әр жазған өлеңіне таң қаласың.


«Бәрінен де сен сұлу» деген әні,


Тебірентпей қоймады жан баласын.


 


Кетеді ұқсап кейде жасындарға,


Күйінді жалқаулар мен масылдарға.


Еліне қаншалықты адал болса,


Соншалық адал болды асыл жарға.


 


Қазағына жасаған ерен ісі,


Жалғасар ғасырлардан ғасырларға!


 





Пікір жазу