13.08.2022
  206


Автор: Олжас БЕКМҰРАТ

ҰЛЫ КҮНІ ЖЕҢІСТІҢ

 


Тоғызыншы мамырға


 


Тоғызыншы мамыр деген кезіңде,


Қайсарланып  кетесің ғой өзіңде.


Жүрегіңе күш құйылып ғайыптан,


Бөленесің бір ғажайып сезімге.


 


Елдің көгін езген кезде жаншып мұң,


Сол апаттан  алып шыққан аршып кім?!


Көз алдымда тұрады ылғи елестеп –


Бейнелері Әлия мен Мәншүктің.


 





Пікір жазу