13.08.2022
137
ОН АЛТЫНШЫ ЖЕЛТОҚСАНҒА
Он алтыншы желтоқсан тәуелсіздік алған күніміз,
Егеменді елміз деп әлемге жар салған күніміз.
Жер-жаһанға жетіп біздің үніміз,
Тұңғыш рет бақытты болған күніміз.
Осы күні алаң үстін қан қылып,
Қазақ жасы бар әлемді таң қылып,
Алматыды шықты бейбіт шеруге
Тұрар бұл күн ел жадында жаңғырып.
Бермейміз деп ар намысын қазақтың,
Аттанды олар ортасына тозақтың.
Қалып қойып қоршауында азаптың,
Берілмеген, бауырларым, ғажапсың.