13.08.2022
  230


Автор: Олжас БЕКМҰРАТ

ТҰҢҒЫШ

 


Ахмет Байтұрсыновқа


 


Көп оқыдың, көп те білдің бәрінен,


Ақылды едің,  бәріне де мәлім ең.


«Халық жауы» деген жала жапты да,


Аластатты, бірақ қалды тәрбиең.


 


Көп тарттың сен ұлтшылдықтың азабын,


Көп тырыстың тудырам деп ғажап күн.


Тұңғыш рет ашып қазақ газетін,


Атандың сен ақыны боп қазақтың.


 


Көре-көре от-жалынын тозақтың


Ұғындың сен машақатын мазақтың,


Тұңғыш рет жасап әліпбиімді,


Атандың сен бас ғалымы қазақтың!


 





Пікір жазу