13.08.2022
116
КІМДІ СҮЙСЕҢ, АДАЛ СҮЙ
Базбіреулер махаббатты жоқ дейді,
Біреулер:
«Бар, ол – өшпейтін от», – дейді.
Енді бірі махаббатты іздейді,
Таппаса да үміттерін үзбейді.
Махаббат бар,
ол – сезімнің анасы,
Шын ғашықтың адал жаны – панасы.
Кімді сүйсең жалған емес, адал сүй,
Жүрегіңнің жазылады жарасы.