13.08.2022
  146


Автор: Олжас БЕКМҰРАТ

БІЗ ҮШЕУМІЗ

Әділет пен Еламанға


 


Біз үшеуміз дара туғанбыз,


Біріміз үшін біріміз жаратылғанбыз.


Жо-жоқ, бізге ешкім керек емес,


Себебі, біз сияқты пәк жүректер


дүниеге келе бермес


 


Адалдыққа үйренген жан-тәніміз,


Бізден үлгі алып, тамсаныңыз.


Бірге жүрсек біз әрдайым,


Келеді қосылып ән салғымыз.


 


Достығымыз мәңгілік бітпесе екен,


Алдымызда еш қатер күтпесе екен.


Бір-бірімізге арамдық ойламайық,


Лайым, шайтан келіп түртпесе екен.


 





Пікір жазу