13.08.2022
  147


Автор: Олжас БЕКМҰРАТ

АҚ ПЕРІШТЕМ

 


 


Ақ періштем жүрсе де елді таң қылып,


Мені ылғи да қарсы алады паң күліп.


Қос қолмен жауып алып қос бетін,


Күйдіреді жас жүректі жандырып.


 


Кетті бір күн ақ періштем қарамай,


Жүрегімді аямастан жаралай...


Кеткені емес, қинады ғой жанымды,


Білмегені сезімімді бағалай.


 





Пікір жазу