12.08.2022
203

10 тамыз
Оныншы тамыз Абай күні жарандар,
Абайды оқы, бері қарай қараңдар.
Байқауларды өткізіңдер, сайысты,
Абай күнін өткізуге адамдар.
Абай болып өлеңдерін оқиық,
Абай жолын санамызға тоқиық.
Қара өлеңін ішімізден қайталап,
Кітаптарын оқиықшы шоқиып.
Абай күні атаулы күн аталсын,
Алыстағы жандар күтіп, хат алсын.
Болашақта өсіп жатқан бүлдіршін,
Абайды оқып алға қарай оталсын.