meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.08.2022
  160


Автор: Болат Жетекбай

Сені көрдім

Деп ойладым: «елтірмін, елігермін»,
Деп ойлаған жоқ едім «жерінермін».
Сыры кеткен, Құдай-ау, сыны кеткен...
Сені көрдім.
Жер қапқанда табанда бір арманым,
Жазы көшкен жүзіңнен сыр аңдадым.
Қуыршықтай қылықсыз қыз-қатынға...
Қуанбадым.
Боздатты да кер күйін мұң-шанағы,
Бозғыл тұман бойымды тұмшалады.
Қалған екен қызғалдақ гүлім қурап,
Құр сабағы.





Пікір жазу