12.08.2022
100
Сияқты...
Жансыздың қайда дерегі?
Аққан су, соққан жел еді...
Табиғат заңы дегені
Оларға өктем сияқты.
Бір дәннен тірлік жаралып,
Бір жаннан көп жан таралып,
Ол Өмір болып саналып,
Бізге де жеткен сияқты.
Табиғат заңын, шамасы,
Құдайдың билер санасы,
Пәниде адам баласы
Құдай боп көрер сияқты.
...Қуыршақ-тәнді ойынына
Қолданып, оған тойды ма,
Қайтадан жердің қойнына
Бәрібір берер сияқты.
Жансыздан жанды өнеді,
Өлік боп тағы семеді.
Шын өмір – біреу, себебі,
Екінші келмес сияқты.