12.08.2022
74
Сендерді іздеп...
Жұлым-жұлым жүректің сорғалап қаны,
Тамырды қуып тажалдай... сор да қаптады.
Жалғыздықтан асатын қасірет бар ма,
Жеңіп, жалғыз қалғаның бар ма мақтаны?!
Демігіп өкпе, діңкелер ойсырай денем.
Күлгенде күнім, мен оған қай шырай берем?
Түнім де төнді, жартыкеш айым бозарды,
Айдаладағы өзімді қойшыдай көрем.
Алай-дүлей көкірек....тып-тыныш дала.
Дөңгелей берер дүние дұп-дұрыс қана.
Сандуғаш-дәурен, санамда сазыңды шалып,
Өтінем, әлсіз жанымды күшті қыстама!
Айдалада қойшыдай түнеткен қойын,
Жылымай, суып, секемшіл дір еткен бойым.
Жүрегім қатты шаншыды...
Жалғыздық – жаман!..
Сендерді іздеп жоғалды түнектерге ойым.