12.08.2022
102
![](/uploads/shorttexts/author_image/photo-108403.jpg)
Енді дұрыс...
Енді дұрыс...
Уақыт тоқтады!
Жүріп бара жатқан – біз.
Батқанбыз, таңдай атқанбыз.
Күлкілі,
Бекер жылайсың:
Бақи қақпасын әзелде қатты қаққанбыз.
Сөнді дыбыс.
Құмсағаттың үсті – бос, асты да...
Кеңірдектен кешіп от-сағым,
Жүре бер!
Неге тоқтадың?
«Түн көйлегі түк те жараспайды», – деп,
Боқтадың... кімді?
Беу, ойы күпір, пәк пенде!
Пешенең сызулы еді.
Сансыз тағдырлар ізіндегі
Жалғыз соқпақ бұрыс тартты....
Үзілмеді.
Жүре бер... жүре бер!