12.08.2022
  112


Автор: Болат Жетекбай

«қош» демейік!..

(Қылышқа)
Сапарға суыт аттанды,
«Сағынып жүрсін» дегені шығар.
Қона алмай қапы бақ қалды,
Ол-дағы –
Өксіген осы өлеңім шығар.
Бір алдатөмпек көбейді,
Өлінің Ай-жанын құшар...
«Арттағыларым не дейді?» –
Әлемді шарлап,
Әруағың айналып ұшар.
Аһ ұрғанмен:
«Апыр-ау, асыққаның не?»,
Арыздануға жатпайды – Алланың ісі.
Көз жасынан моншақ тіздік молаңның тасына, міне,
Үзілген арманың үшін!
Сенсіз атқан ақ таңның сәулесінде,
Кешегі суық күлкіңнің жылуы бар-ау.
Біз білмеппіз пәнидің әуресінде:
Жасын ұрып, шалғанын шыбығыңды алау!..
Кешір дейік пе?
Бірақ, енді бәрібір саған –
Жаралған топырағыңа білегің тиді.
Осы ғой жазмыш нүктесі ... жарығы – тәмам,
(Жазықсыз жүрегім күйді).
Ғарыштан күліп қарайтын жұлдыз-көздердің
Бірі ағып түссе, екеуі қатар жанады.
Тылсымның сырын мен-дағы тілсіз сезгенмін,
Бізге де бір күн сол жаққа сапар болады.
...Сондықтан,


«Қош!» демейік,
«Күт!» дейік!





Пікір жазу