12.08.2022
  91


Автор: Болат Жетекбай

Көктемде ойлап едім бір шаруаны...

Көктемде ойлап едім бір шаруаны...
Күз келіп, көңілімнен бұлт аунады.
Жынды ғой жынды десе, жел жарықтық,
Жапырағын теректің жүр сауғалы.
Қоңыр белес – гүлдерсіз, зерлі өңірсіз,
Тарқатып жаз базарын көл көңілсіз.
Сыңсуыңды бітірсең, аққу – арман,
Су бетіне соңғы рет өрнегің сыз!
Анау қырат, мынау бел дамылдайды,
Ештеңені, ешкімді сағынбайды...
Күз барады құстарын алысқа айдап,
Көктемгідей ойладым ауыл жайлы.





Пікір жазу