12.08.2022
  78


Автор: Болат Жетекбай

Шоқыда

Шомылып нұрға, шолып бір өтіп маңайды,
Шау тартқан қария шоқыдан төмен қарайды.
Жастығын іздеп жабығып тұр ма жампозым?!
Шаттығын іздеп... шалғайға көзін қадайды.
Шоқия қалса шоқыда жалғыз ол ерте,
Шерткендей назын, шапанын желпіп жел-ерке.
Көңілінде тұр-ау кешегі қимас дәурені,
Көзіңде тұрды көсіліп жатқан кең өлке.
Арыған емес адамнан арман тірісінде,
Көбелек-күндер кәрінің көңілін білсін бе?!
Барғысы да жоқ беймәлім жаққа сүйрейді,
Ызыңдап бір үн: «Сен әлі тірі жүрсің бе?».
Шоқыға шықса, шөгіп те жатпай шер қажап,


Ызыңы желдің...
(Қызығы көрген – ең ғажап!)
...Ертегі менен ертеңнің өткел-көпірі –
Ескерткіш болып тұра бер солай, ер қазақ!





Пікір жазу