12.08.2022
  90


Автор: Болат Жетекбай

Жазмыш

Бурадай лоқсып, бүркумен жынын тұрса Күн,
Тұмса – жер тершіп....
Бу емес пе екен бұл сағым?..
Теңселіп келем, қып-қызыл табан шоқ көсеп,
Бел ассам – құдық... Сусадым.
Лаулаған жалын шарпиды,
Не хал құтылар?!
Кекжитіп басын кесіртке жолдан сытылар.
Таңдайым кепті, түспейді түйір түкірік,
От болып ауа жұтылар.
Күн жанған сайын жол одан бетер жанады,
Шайқалып аспан, айналып басым барады...
Тірліктен ол да тауысқан шығар татарын,
Шиыршық ата жығылған раңның сабағы.
Адымым қысқа,
Әлі алыс, алыс ауылға,
Бу көшіп жатыр бұлдырап сонау шағылда.
Шыңырау түбін өрт қаулап, маған шоқ шашты...
Қыбырсыз қалдым қауғасыз құдық жанында.
Есімде сонда жылжымай көкте жүрдек күн,
Жынданған жандай жылаппын, жылап тілдеппін...
Жалғыз көз үміт жасымды жұтқан бір тамшы,
Жазымыштан аян бергенін бірақ білмеппін.





Пікір жазу