11.08.2022
257
Пәтерді жалға алған дұрыс па, жоқ сатып алған ба?
Бүгін инстаграмдағы бір оқырманым: "Пәтерді жалға алған дұрыс па, жоқ сатып алған ба?" деген қызық сұрақ қойды.
Оның дұрыс жауабы жоқ, әркім өзі таңдайды. Жеке өз басымда, отбасымда көлік те, пәтер де жоқ. Маған бір нәрсеге немесе елді мекенге байланып отырған ұнамайды. Мен Мәскеуде, Ыстамбұлда, Алматыда тұруға болатын бостандықты жақсы көремін. Тұрмыстық мәселелерге алаңдамай, қалаған уақытымда шабаданымды жинап алып, кете беремін.
Бұған дейін жазғанымдай, мұндай таңдау бәріне арналмаған. "Өз үйім - өлең төсегім" болсын дейтіндерді де түсінемін. Кейбіреулер "басымдағы баспанам" деп өз үйі болғанын қалайды. Ол да, - дұрыс.
Ал сіз қалай ойлайсыз?