11.08.2022
96
Махаббат мұңы
Күн әкелді дүниеге көктем мынау
Көлеңкеден қар түгіл кеткен қырау...
Бұл өмірдің Ортаймен бірге болар
Бір көктемін, дүние-ай, көп көрдің-ау!
Өзіңмен айрылмастай бір бола алмай,
Бір бола алмай, дариға-ай, бір көре алмай,
Толады мына кеуде мұңға қандай?!
Ішімнен өзімді-өзім айыптаймын
Мен сенің жастығыңды ұрлағандай,
Бейне бір жас күніңді қимағандай...