11.08.2022
  89


Автор: Балта Қосбармақ

Соңғы хат

Оқып сенің маған жазған ақырғы
Отырмын мен хатыңды.
Қалай-қалай қалтылдады саусағың,
Ең соңғы рет жазғаныңда атымды?!
Міне, мынау – ең соңғы хат сен маған
Ең соңғы рет жолдаған...
Біз екеуміз бірге Бақыт іздейтін
Жер қалмапты – болса-дағы кең ғалам.
«Махаббатты кір шалдырмай сақта!» деп,
Бір алмасын бөліп берер бақ та жоқ.
Болашаққа баратын жол қалмапты,
Бала шақта бірге қадам аттап ек.
Қарсы алмаймыз біздер бірге
Атқан таңды мөлдіреп,
Өзің жақтан еспейді енді жел жібек.
Қандай қиын мәңгі-бақи кездеспеу,
Қандай қиын қоштасу ең соңғы рет!..
09.05.1980 жыл.





Пікір жазу