11.08.2022
  159


Автор: Балта Қосбармақ

Жер

Cұрай қалсам мен кез-келген адамнан:
«Жер деген не?
Қай уақытта жаралған?».
Жауап берер:
«Мен білмеймін дәл жасын,
Жасап келе жатыр ерте заманнан.
Жер дегенің – ұлылық пен даналық,
Жер дегенің – құпия мен жаңалық.
Жер дегенің – байтақтық».
Ал осыған
Ақындарша үңіле бір қаралық.
Айтқаны рас:
Жер – ұлылық, даналық,
Айтқаны рас:


Жер – құпия, жаңалық.
Жер – байтақтық,
Жасап келе жатыр ол
Бұдан сансыз уақыт бұрын жаралып.
Жер қаншада?
Бұл – құпия, жаңалық,
Сол құпия бір түйінді байқатты:
Жер дегенің – ұлылық пен даналық,
Екеуінің бір өлшемі – байтақтық!





Пікір жазу