11.08.2022
104
Балалық шақты аңсау
Әке,
Бір тентек ұлың ем,
Алысқан аға-інімен.
Алғаусыз сол бір балалық,
Кеттің бе менен шынымен?!
Қырлардан қуып бүлдірген,
Құрбымен ойнап, бір күлген;
Қызықты сол бір көп күндер
Кетерін теп-тез кім білген?!.
Баршылықта өстік бұла боп,
Сақтай бермедік біз әдеп:
Бұрымды қызды шашынан
Тартып қашуға құмар ек.
Бүгін бұл бізге бөтендей:
Бәрі балалық екен ғой.
Ойынға тоймас кездерім,
Бәрі де қызық екен ғой!..
Сол күн – армансыз күлдірген
Алдамшы екенін кім білген?!
Алаңсыз балалығымды
Армандап енді жүрмін мен.