11.08.2022
99
Ай астындағы аппақ әлем..
... Аракідік әңгіме бастап қалғын,
Ақ күмісін терейін аппақ қардың...
Ай астында суретін ақ әлемнің
Жүрегіңе мәңгілік сақтап қалғын.
Ақынмын арманыма бөлену – мұң,
Жанарыңнан адалдық көре білдім...
Осы болды-ау аңсары ақ дүниенің –
Аппақ, аппақ түстері өлеңімнің.
Сүйер болсаң асқарды жаның шыңды,
Саған қарай бұрайын ағысымды.
Ақ дүниеде ақындар адаспайды,
Жақындатып қояйын алысыңды...
Баянды күн басыма бақ табар ем,
Өлеңнен өзге бақыт тапқан емен...
Жанымызды, дүние-ай, тоғыстырған,
Ай астында аяулы аппақ әлем...