11.08.2022
  95


Автор: Балта Қосбармақ

Достық жыры

Мен – қазақ, сен – қарақалпақ көнеден,
Бауырласпыз туысқан бір енеден.
Біріміздің атымыз кеп бәйгеден,
Екеумізді зор бақытқа бөлеген.
Жатыр ортақ кең жазира көсіле,
Бақыт ортақ, ортақ бізге несібе.


Басы бүтін тұлпарымды ал, досым,
Атаныңды мінгем талай көшіме.
Менің ұлым Айбергенов Төлеген,
Сенің ұлың Айбергенов Төлеген.
Қандас қазақ, қарақалпақ ежелден
«Мынау – мендік, анау – сендік» демеген.





Пікір жазу