11.08.2022
131
Мезгіл мұңы
Тағдыр жазған талайы бар көшімнің
Кей күндерін бірге өзіммен өшірдім.
Жүректегі бірақ өлмес өмірді
Өлеңіме өрнек салып көшірдім.
Сен де кеттің,
мен де кеттім жыл ұзап,
Сапар шегіп сағынбастай тым ұзақ...
Жазда сүйіп қоштастық біз,
ал сосын?
Мезгілдерден мекен таптық күз ұнап...
Арамызға түндер салды шымылдық,
Содан бері жылжымады жылым түк...
Жасың болып жанарыңнан жылжып ем,
Күзге айналдың күрсініспен күмілжіп...