11.08.2022
124
Жақсы әнге адам бар ма ден қоймаған?!
Жақсы әнге адам бар ма ден қоймаған?!
Қашаннан сұлу сазға ел тоймаған.
Нағыз ән әуелесе, отыра алмас,
Жан болса естір әсем әнді ойлаған.
Естілсе шын жүректен шырқаған ән,
Ән естір бар ма құлақ тыңдамаған?!
Әсем ән шырқалса, жан тебіренткен,
Сірә, оған селқос, мәнсіз кім қараған?!
Ей, әнші!
Қағар болсаң ән қанатын,
Ән салғын бір желпініп ел қалатын.
Ей, әнші!
Қағар болсаң ән қанатын,
Ән салғын жүрек қылын шерте алатын!