11.08.2022
125
Аспантаудың көктемі
Сайран кеткен көңілден,
Сауық кеткен,
Өткіншілеу бір нөсер жауып кеткен.
Асқарымнан жүргенде арман сұрап,
Аспантаудан бір көктем ауып кеткен.
Шашқан шақта шашуын аспан нұрдан,
Жанарымды жасыны жасқандырған.
Күзгі ырғақтың жүргенде жетегінде,
Біздің жақтың көктемі асқан қырдан...
Толқыныңда шалқыған шағала едік,
Жанарыңнан жас болып тамар едік.
Аспантаудың көктемі,
қайда тарттың,
Тірлік біткен барады саған еріп?
Соонау...
Көктің бұлғаған орамалы,
Көз ұшына сағым боп оралады.
Аспантаудан барады көктем ауып,
Арман ұшып барады одан ары...