11.08.2022
  109


Автор: Балта Қосбармақ

Інім тұщыға

Гитарыңды тартшы, інім,
Тартшы, інім,
Сен жырлашы дүниенің шаттығын.
Жырлашы сен, отырайын мен үнсіз,
Жүрегімді шымырлатып тәтті мұң.
Көрші менің көкірегімнен сыр тыңдап,
Асыл інім, жүрегің ақ, күлкің пәк.
Жырлашы сен,
Отырайын мен үнсіз,
Сым шектерден шыққан үндер сиқырлап...
25.09.1980 жыл.





Пікір жазу