11.08.2022
  104


Автор: Балта Қосбармақ

Таң атса, жата алмаймын төсегімде...

Таң атса, жата алмаймын төсегімде,
Беймаза бұлдыр ойлар кешемін де.
Тұрғандай мені айыптап мына дүние,
Ұйқы үшін келген жандай осы өмірге.
Оп-оңай кесер жырдың кіндігін кім?!
Күні бойы көкте жүзген Күнді қудым.
Түн болса, тағы жасап отырамын
Курстық тапсырмасын тірлігімнің.


Кей күні сырахана жағаласам,
Жыр үшін жамандармен жағаласам.
Айдардан неге керек жел ескені –
Жүруге жер көшіріп жарамасаң.
Арманын жақсылардың көп естідім,
Мұраты күнді өткізу еместігін.
Мен қашан бойым жазып отырамын,
Тапсырып ғұмырдың бір семестрін?!.
...Әзірге емтихандар елес бүгін...
27.04.1982 жыл.





Пікір жазу