11.08.2022
  101


Автор: Балта Қосбармақ

Өмір сүру...

Өмір сүру...
Қиын едің сен неткен!
Мен ғана емес,
Талайлар ат терлеткен.
Он тоғыз жыл уақыттың шаңдағы
Жасырыпты мені сәби жөргектен.
Бала күндер!
Мен сендерді сағындым,
Мен сендерден енді бөлек ауылмын.
Енді білдім құдіретін, қуатын
Өздеріңнен алшақтатқан дауылдың.
Өтер өмір,
Өтер күндер дауылды,
Ақпаспын мен,
Болмаспын мен салынды.
Серпілтемін ұйқыдағы қиянды,
Сілкінтемін,
Сілкінтемін дәуірді!
06.10.1980 жыл.





Пікір жазу