10.08.2022
123

Жан-тәніңмен шын езіліп сүйгесін..
Жан-тәніңмен шын езіліп сүйгесін,
Мінез деген табады ғой үйлесім.
Бір сәтсіздік үшін сату – қүнә ғой,
Бақыт толы махаббаттың күймесін!
Ойлау керек тәтті күндер елесін,
Елжіресе, ашуыңды жеңесің.
Тағдыр-толқын аудара алмас бір соғып,
Арман толы ғашықтардың кемесін!