10.08.2022
118
Күндер өтіп барады, күндер өтіп...
Күндер өтіп барады, күндер өтіп,
Ақ қағазға төнемін түнделетіп.
Апта жылжып барады, апта жылжып,
Сенделемін бейуақта бақта жым-жырт.
Жылыстайды айлар да дөңгеленіп,
Бірте-бірте басылар менде желік.
Жылым мені қарсы алар сүйіп тұрып,
Өрісімді, өремді биік қылып.
Жүрегіме өлеңім жүгін артар,
Жанарымның сол сәтте мұңы тарқар.
Дүлей шабыт күшіне енгенімде,
Өзіме-өзім күркірей сенгенімде
Аруақты Даламдай арқаланып,
Тілден маржан төгермін бал тамарлық...