10.08.2022
217
Жігіттер, өткізбейік босқа күнді...
Жігіттер, өткізбейік босқа күнді,
Дүние өтер-кетер қас-қағым-ды.
Күйбеңнен қолдарың бір босағанда,
Ой-мұңнан серпілтсеңші достарыңды.
Көңілсіз болып кетсе тегінде өмір,
Жүрегім күрсінеді егіле бір.
Тып-тыныш тірлігіңнен жалығып тез,
Аңсайды той-думанды сері көңіл..