10.08.2022
101
Түн
Мен соншалық бақытты жан болайын,
Тағдыр-тартыс иеленген жеңісін.
Бәрібір де түнің мұңлы, ағайын,
Сырға толы, қияли шақ мен үшін.
Ұйқы қанша алсын есті талдырып,
Өлең-өзек-сағымдайын-сағыныш.
Тұла бойды бал сезіммен балқытып,
Жүрегімде болады сан жарылыс.
Жанартау боп атылардай алқынып,
От-жүректің шарпыламын өртіне.
Түні бойы ширығамын шарқ ұрып,
Түннің қарап таңғажайып көркіне.
Шабытыма жел берер де сол менің,
Ай мен Жұлдыз,
алқара көк түнгі аспан...
...Сенделемін кезіп ішін бөлменің,
Жым-жырт түнге көзім салып мұңдасқан...