10.08.2022
  82


Автор: Ғалым Әріп

Қасірет

«Оңтүстік Қазақстан облысындағы ВИЧ індетіне шалдыққан балалардың саны 143-ке жетті. Мамандардың айтуынша, кеселді жұқтырғандардың басым көпшілігі –екі жасқа дейінгі нәрестелер. Аурудың қалай таралғандығы туралы қорытынды жасаған дәрігерлер ВИЧ балаларға қан құю кезінде жұққандығын айтып отыр».
( Газеттен).
Қапалымын...
Зарлы-заман танытып қатал үкім.
Қорған бола алмаған баласына


Қорқау-қоғам , ұлыған батады үнің.
Күйзелемін...
Қара таппай, қарманып, сүйкенетін.
Шейіт болып бейшара шараналар,
Қайғы шеккен анадай күйге енемін.
Азап-тағы...
Шерлі-көзден шүмектеп жас аққаны...
Шеттерінен ғаріп боп нәрестелер,
Қасіретке шарпылды қазақ қаны...
Қорлық қандай...
Дімкәстікке дүние шалдыққандай.
Көзді жұмып сәбилер тағдырына,
Базбіреулер байлыққа малтыққандай.
Жанды ұққандай...
Жан баласын көрмедім арды ұққандай.
Жалпақ жұртқа жеткізіп жан айқайды,
Жапан -түзде дауысым қарлыққандай...
Мазақ-тағы...
ВИЧ дегенің тажалдай тозақтағы...
Тек-тамыр тереңіне балта шапқан,
Қалай өспек, ағайын, қазақ саны?!





Пікір жазу