10.08.2022
  189


Автор: Рза Оңғарбай

Жұлдызым менің жоғары

Қапысыз қамсыз кешіп күн,
Апыр-ай неғып кешіктім?..
Қайран жыр сенің сазыңды
Елуде әрең есіттім.
Жүректі жайлап кірген мұң,
Жалынсыз жадау түрге ендім.
Қайран жыр, саған қалайша
Қол созбай жырақ жүргенмін?..
Армандай едің түу алыс,
Жетсем-ау, сол-ды қуаныш.
Жағаңа келдім жақындап –
Жүрекке сол да жұбаныш.
Сен - дода болсаң желденген,
Мен –жүйрік болайын тағалы,
Сен - дала болсаң тербелген,
Болайын көлің қоғалы.
Сен аспан болсаң зерленген –
Жұлдызым менің жоғары!..





Пікір жазу