10.08.2022
  148


Автор: Рза Оңғарбай

Өлеңім

Өлеңім менің, өлеңім,
Өзгеден жеріп, өзіңе,
Өзіңе көңіл бөлемін.
Өлеңім менің - ғашығым,
Ғашығым, сені аялап,
Өмірдің ұқтым асылын.
Өлеңім – барым, байлығым,
Байлығым құрып, тоналып,
Баспағай бұлты қайғының.
Өлеңім менің - арманым,
Арманды қуып апыр-ау,
Айтшы, мен қайда бармадым?!
Өлеңім менің – үмітім,
Үміттің жібін үзбеуге
Қам қылам, қалқам, күні-түн.
Өлеңім - жалғыз сырласым,
Сырласа жүріп сездім мен


Дәуреннің баста тұрмасын.
Өлеңім менің, өлеңім,
Сен безбе менен, сен безсең –
Сол кұні мен де өлемін!..





Пікір жазу