10.08.2022
125

Мына біз...
Сағым қуып сандалған,
Сәл нәрсеге таң қалған,
Сәби сенім –аңғал жан,
Баламыз-ау мына біз.
Самұрықтай самғаған,
Ізгілікті таңдаған,
Халқын сүйіп, қамдаған,
Данамыз-ау мына біз.
Иығына бөз жетпес,
Шиырына сөз жетпес,
Қиырына көз жетпес,
Даламыз-ау мына біз.
Жауымызға оқ болып,
Балқитұғын шоқ болып,
Шалқитұғын от болып,
Жанамыз-ау мына біз.
Салтымызға бұл болып,
Халқымызға құл болып,
Жана-жана күл болып,
Қаламыз-ау мына біз.