10.08.2022
167
Таушығым
Таушығым менің от берген өзің жас қанға,
Оты бар ұлан биіктіктерден қашқан ба?
Түлегің түгел, тілегің қабыл болсын тек,
Боласың өзек жазылмай жатқан дастанға.
Емді тау өрлеп, Ақжолдан әрмен асқанда,
Безбүйрек бұлттар безіне қаңғып қашқанда,
Бала көңілмен ойлаған едім балауса,
Бір сүйем жетпей тұрған шығармын деп аспанға.
Әлі де сол бір бейкүнә сәби пішінде,
Таушығым сені жиі көремін түсімде.
Тауларың сенің мызғымай тұрсын деп келем,
Аласалығымды сезініп жүру үшін де.