10.08.2022
  108


Автор: Рза Оңғарбай

Қырандар мекені

Бітпегесін сөз ұзапртқан даулары,
Көбейгесін көз алартқан жаулары,
Сапқа тұрған сарбаздарға ұқсайды,
Маңғыстаудың мыңдаған мәрт таулары.
Сырғытқанда саяқ құрлы даламыз,
Ойлады ма болар-ау деп панамыхз.
Жеті жұртқа жай болмаған өлкеге,
Аттың басын бұрған екен бабамыз.
Қарсы алғанда кербез таулар кермиық,
Етегінде орын тапкен ел ұйып.
Біздің шалдар болжаған ғой бұл жердің,
Ұрпағына болатынын жерұйық.
Жүрегімде жалаулатып ұрандар,
Тау дегенде таусылмайтын бір ән бар.
Бұталарды паналайтын торғайлар,
Ал тауларды мекендейді қырандар.
Аламанда демейтұғын алқындым,
Ұлдарын айт сынығындай алтынның.
Тауларындай бұйра бұлтқа қол созған,
Армандары биік менің халқымның.





Пікір жазу