10.08.2022
176
Қарыз бен парыз
Өткен күнде жақсы, жаман бар ізім,
Көп болатын өтейтұғын парызым.
Бірақ-бірақ аз табысым алданышщ
Жоқ болатын бір тиын да қарызым.
Мына заман қабырғаны қаусырып,
Айла, ақылдың бітті бәрі таусылып.
Парызыңыз бұғып қалды бұл күнде,
Қарыз дейтін қатыгез бір жау шығып.
Айналаңыз салқын қабақ, салқын таң,
Қанағат пен пейіл кеткен халқыңнан.
Парыздарым аш бөрідей ұлиды,
Қарыздарым қысқан сайын алқымнан.