10.08.2022
  207


Автор: Рза Оңғарбай

Бала кезде кем болды ма түсінік...

Бала кезде кем болды ма түсінік,
Ұнатпаушы ем, ұнамаушы ед кішілік.
Үлкендермен келіп ерте теңескім,
Жігіт болғым келді көңіл ісініп.
Шіркін өмір желмаядай желген бе?!
Бүгін енді жас елуге келгенде.
Үлкендіктен қашып өзің, боласың,
Жастығыңды кідірте алмай шерменде.





Пікір жазу