10.08.2022
96
ҚАЙШЫЛЫҚ
Шыққаннан соң деген ұран «жекелен»,
Тарап кетті ұжымшар мен мекемең.
Елден бұрын екі асаған ептілер,
Қарайтұғын болып алды шекеден.
Біреу қалды бейшаралық күйге еніп,
Соны көріп, қу жүректің күйгені.
Қырық жылдай қой баққанда сормаңдай,
Қотыр тоқты болды дейді тигені.
Құрылысшыңыз қала салған, үй қалап,
Күн көрмеген қулықпенен айлалап.
Іс біткенде, қу кеткенде қарасам,
Ұстап қаппын дейді жалғыз майқалақ.
Қарап тұрсаң бұл да өмірдің дерегі,
Қайран халық бәріне де көнеді.
Кейде көңіл құлазып бір қайтадан,
«Ұжымдас» деп айқайлағың келеді.